|
30.04.2024 | 19:43
375

Бір біргеміз: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 1 миллионнан аса адам қатысты

Акция аясында Алматыда 22 мыңға жуық көшет отырғызылды

Бір біргеміз: «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 1 миллионнан аса адам қатысты Almaty.tv

Көктем шыға көптің көңілін күпті қылған қарғын су талай дүниені талқандады. Табиғат тосын мінез танытқанымен аймақтар тазалық жүргізіп, айналаны абаттандыруды да ұмытқан жоқ. 

Президент табиғатты қорғап, ағаш егуге пәрмен берген. Іле-шала «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. 

Науқанға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1 миллионнан аса адам атсалысып, өткізілген іс-шаралардың легі 5 мыңға жетті. Игі іске Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де қатысып, тазалық жұмыстары ел көлемінде жалғасты. 

Ал акция аясында Алматыда 22 мыңға жуық көшет отырғызылды.

Толығырақ «Біз біргеміз» жалпыұлттық телемарафонының шығарылымынан көре аласыздар.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир