|
26.04.2024 | 20:24
255

СҚО-да 2 мыңнан аса азамат бір реттік көмек алды

Сергеев су қоймасындағы суды арнайы мамандар күндіз-түні қадағалап отыр

СҚО-да 2 мыңнан аса азамат бір реттік көмек алды Almaty.tv

СҚО-да тасқыннан зардап шеккен отбасыларға өтемақы беріле бастады. Аймақта 3000-нан астам отбасы бір реттік көмек алу үшін өтініш жіберген, деп хабарлайды Almaty.tv.

СҚО-да су тасқыны бойынша жағдай бақылауда. Қауіп біртіндеп сейіліп келеді. Сергеев су қоймасындағы суды арнайы мамандар күндіз-түні қадағалап отыр. Аймақта су тасқынының екінші толқыны басталды. Алайда мамандар оның қаупі жоғары емес екенін ескертті. Бүгінде өңірде су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындарға 369 мың теңге шамасында бір реттік төлем беріле бастады.

– Үкіметтен беретін бір мезгіл жәрдемақы - 369 мың 200 теңге алдық. Керек-жарағымызға жұмсап отырмыз, – деді қала тұрғыны Талап Сандыбаев.

Ал Петропавл мектептерінде орналасқан эвакуациялық пункттер жабылды. 7 мектепте 195 адам тұрған еді. Азаматтар қызмет көрсету колледжінің жатақханасына көшірілді. Су жаңа ғимарат 244 орынға шақталған. Үйлерінен су кетіп, тұруға жағдай жасалғанша,н олар осы жатақханада тегін тұратын болды.

– Жеке-жеке бөлмеміз бар, жуынып аламыз, жұмысқа барып жүрміз. Көп жағдай жасалды. Қаланың шеті емес, орталық, – деді қала тұрғыны Тимур Баисов.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға 1200 ерікті қатысып жүр. Белсенді жастар үйін су басқан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге, гуманитарлық көмек тарату мен қаланың әрбір ауданын бақылауда ұстауға үлкен септігін тигізіп жатыр. Тасқын кезінде елдің басқа да қалаларынан еріктілер аймаққа келіп, көмек көрсетті.

Петропавл қаласы бойынша бір реттік өтемақы алу үшін 1900-ден астам өтініш түскен. Бүгінде 1200-ден астам тұрғынға 460 млн теңге көлемінде қаражат бөлінген. Қазір12 үй тұруға жарамсыз деп бағаланды. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, тұрғындарға жаңа баспана беріледі.

– Біріншіден, ол – 100 АЕК көлеміндегі бір реттік төлемақы. Одан бөлек, техникалық бақылаудың қорытындысы бойынша шығынды өтейтін боламыз. Сондай-ақ тұрғындарға 150 АЕК қосымша ақша төленетін болады, – деді қала әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.

Ал СҚО бойынша 3000-нан астам отбасы бір реттік көмек алу үшін өтініш жіберген. 2300-ге жуық азамат 847 млн теңгеден астам сомаға әлеуметтік көмек алды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир