|
23.06.2024 | 10:21
2666

Аптап ыстық және жаңбыр: 23 маусымға арналған ауа райы болжамы

Ауа температурасы күндіз 32 градусқа дейін көтеріледі

Аптап ыстық және жаңбыр: 23 маусымға арналған ауа райы болжамы elements.envato.com

Алматы

Алматыда жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 32 градусқа дейін көтерілсе, түнде 21 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,0 м/с болады. 

Астана

Синоптиктер Астана тұрғындарына дажаңбыр жауады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы 32 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 7,9 м/с. 

Шымкент

Шымкентте де жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз термометр 38 градусқа дейін көтерілсе, түнде 24 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,2 м/с болады.

Ата кетсек, синоптиктер осы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың хабарлауынша, еліміздің барлық дерлік аумағы циклондық белсенділіктің ықпалында болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, қатты жел соғады.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 24-30 маусым аралығындағы ауа райы болжамы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир