|
20.06.2023 | 10:42
3161

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды

Екі ел басшысы Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді Ақордада қарсы алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Осыдан кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Франк-Вальтер Штайнмайер мен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Германияның Федералды Президенті құрметті қарауыл бастығымен қоштасып, Қазақстан Президентімен шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир