|
26.03.2019 | 17:53
3840

Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді

Надпись с новым названием города есть на латинице и кириллице

Елорда әкімдігі маңдайшасындағы жазу өзгертілді

Елорда әкімдігінің ғимаратының маңдайшасындағы жазба ауыстырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елордалық әкімдік ғимаратының кіреберісіндегі жазбалар өзгерді, енді мұнда «Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» және «Акимат города Нұр-Сұлтан» деп жазылған.

Естеріңізге салсақ, 23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.  Бұған дейін қала әкімі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары астаналықтар болып қалатынын айтқан еді. Оның  сөзінше, қаланың маңызды нысандары – «Астана Опера», «Астана-Арена», спорт клубтары мен басқа да ғимараттардың атауы өзгермейді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир