|
28.04.2024 | 18:04
3586

Ақтауда ер адамның әйелді лифтіде ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды

Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады

Ақтауда ер адамның әйелді лифтіде ұрып-соққан сәті видеоға түсіп қалды elements.envato.com

Желіде ер адамның лифтіде әйелді ұрып-соғып жатқан видеосы тарады. Оқиға 27 сәуірде Ақтауда болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдары күдіктінің анықталып, ұсталғанын хабарлады. Бұл құқық бұзушылық үшін күдікті бес тәулікке дейін қамауға алынады.

"Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеті үшін ер адам жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир