|
21.06.2024 | 11:13
251

Ауласына ошақ құрып, ет асты: Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті

Әлеуметтік желідегілер жылы лебіз білдірді

Ауласына ошақ құрып, ет асты: Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті instagram.com/zhunusova.makpal

Қазан көтеріп, далада тамақ дайындаған Мақпал Жүнісова жұртты сүйсінтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі әлеуметтік желідегі әншінің парақшасына сілтеме жасап. 

- Біздің үйге құдайы қонақтар келіп жатыр. Қарағандыдан қызы оқу бітірген үлкен әпкем келді. Сол кісілерге кіші қазаныма ет асып, нанын салып, құрмет қылайын деп жатырмын, - деді әнші.

Өнер иесінің қарапайымдылығына тәнті болған әлеуметтік желідегілер жылы лебіз білдірді.

"Өте қарапайым, жақсы көремін осы Мақпал апаны", "Осы сіздің қарапайымдылығыңыз үшін, ешкімге ұқсамайтын күлкіңіз үшін, ең бастысы, Құдай берген өнеріңіз үшін құрметтеймін", "Жарайсың, Мақпал, далаға қазанға тамақ асып, керемет", "Тамаша көрініс", - деді олар.

Оқи отырыңыз: Қалай жас көрінуге болады: мінсіз мүсін иесі өз сырын айтты (фото)

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир