|
24.11.2021 | 09:40
4852

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде 5-орынға көтерілді

Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр

Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингіде 5-орынға көтерілді ©Top Rank

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) Трансұлттық бокс рейтингі кеңесінің (TBRB) тұжырымы бойынша орта салмақтағы ең үздік боксшылар тізімінде позициясын жақсартты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста (АҚШ) бұрынғы әлем чемпионы франциялық Хассан Ндам Нжикамды (38-6, 21 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақтағы WBO Global чемпиондық титулын қорғап қалған болатын. 

Қазақстан боксшысы осы жеңісі арқылы украиналық Сергей Деревянченконы TBRB рейтингінде бесінші орыннан сырғытты.

Бұл тізімде бірінші орында IBF/IBO әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) тұр. 

TBRB рейтингіндегі орта салмақтағы боксшылар тізімі: 

1. Геннадий Головкин; 

2. Джермалл Чарло; 

3. Деметриус Андраде; 

4. Хайме Мунгия; 

5. Жәнібек Әлімханұлы; 

6. Сергей Деревянченко; 

7. Кіші Крис Юбэнк; 

8. Мацей Сулески; 

9. Лиам Уильямс; 

10. Феликс Кэш.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

бокс
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир