|
29.04.2024 | 10:15
451

Гуманитарлық көмек жеткізуші тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды

Шұғыл комиссия құрылды

Гуманитарлық көмек жеткізуші тікұшақ апатқа ұшырап, сегіз адам көз жұмды

Тікұшақ апатқа ұшырап, бірнеше адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Bugin.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқиға Эквадорда орын алған.

Ресми деректерге сәйкес ұшақ гуманитарлық көмек жеткізу үшін жолға шыққан. Алайда межелеген жерге жетпестен апатқа ұшыраған. Салдарынан бес әскери қызметші мен үш бейбіт тұрғын мертікті.

Оқиға Пастаса провинциясының Тивино аймағында таңғы сағат 9:36 болған.

«Эквадор армиясы шұғыл комиссия құрып, қарулы күштерді қайғылы жағдайға тап қылған апаттың себебін зерттеуге кірісті», - делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир