|
09.01.2019 | 17:27
18167

Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді

Алматыда 27 ықшамауданның атауы өзгертілді

Ақмаржан. Ғажайып. Самғау. Атамекен. Бұлар Алматының ықшамаудандарына берілген жаңа атаулардың бірсыпырасы... Қалалық мәслихаттың кезектен тыс өткен 39-шы сессиясында шаһардағы 27 ықшамауданның жаңа атауы мақұлданды.

Атап айтсақ, Алғабас ықшамаудандары енді Нұркент, Ботакөз, Дарабоз, Зерделі деп аталса, Заря Восток – Шапағат, Трудовик – Томирис болып өзгерді. Сондай-ақ, Қарағайлы-2, Каменка-3, Дубок ықшамаудандарының да атауы ауыстырылды. Ал Бутаковка – Мұзтау деп аталса, Дорожник – Көкмайса, Первомайский – Кемел, Колхозшы шағынауданы – Нұршашқан болды. Мамандар ықшамаудандарға мейлінше қазақы атауларды беруге тырыстық дейді.

«Жаңа атаулар өзіміздің қазақи, ұлттық танымдық атаулар. Ежелгі атауларды ұсындық. Соны жалпы жастарға насихаттау барысында әрі солардың бойына сіңіру үшін, отансүйгіштікке тәрбиелеу үшін жасалып жатқан үлкен бір жұмыс», – деді Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген ҚАЛАБАЙ.

Ықшамаудандардың атауын өзгерту барысында жергілікті тұрғындардың да пікірі ескерілген. Шағынаудандарға жаңа атаулары жазылған тақтайшаларды ілу жұмыстары енді басталады. Осылайша, шаһарда атауы қайталанатын немесе идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларға ие ықшамаудан қалған жоқ деді ономастика бөлімінің мамандары.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир