|
29.12.2016 | 12:13
1945

2017 жылы Азия елдері инвесторларының белсенділігі артады

 2017 жылы Азия елдері инвесторларының белсенділігі артады

2017 жыл болжам бойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін экономика жағынан тұрақты болады. Азия елдері инвесторларының белсенділігі артады. Бұл,  шет елдік сарапшының пікірі. Олардың айтуынша, салым бойынша, Қытай, Жапония, Түркия мен Корея көш бастайды. Қазірдің өзінде аспан асты елі алғашқы саптан көрініп келеді. Себебі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде Қытай елі Қазақстанға, яғни мұнай-газ саласын қаржыландыруда. Еліміздегі қытай капиталы қазірдің өзінде 21 миллиард долларды құраған. Ал бұл көрсеткіш көршілес Ресейде 6,5 есеге төмен, шамамен 3 миллиард доллар.


«Экономикалық тұрақсыздыққа, девальвацияға, энергоресурстар бағасының төмендеуіне қарамастан, Азия инвесторларының белсенділігі бәсеңдеген емес. Оларды Еуразиялық одақ, оның ішінде, Қазақстан қатты қызықтырып отыр. Одан кейінгі кезек Ресей мен қалған елдерге тиесілі»,- деді Еуразиялық даму банкі интеграциялық зерттеу орталығының директоры, Евгений ВИНОКУРОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир