|
12.01.2017 | 09:30
6084

Алматыда салықтық түсім көлемі көбейді

Алматыда салықтық түсім көлемі көбейді

Алматыда салықтық түсім көлемі көбейді. Мемлекеттік кіріс департаменті өткен жылды 1 триллион 259 миллярд теңгемен жапқан. Бюджетке түсетін салықтардың басым бөлігі - ірі компанияларға тиесілі. Индикаторлық көрсеткіш бойынша,  құжаттарды рәсімдеу уақытының қысқаруы кірістің кемімеуіне сеп болыпты.


Қаладағы ірі компаниялардың бірі - осы. Жылыту пештерін, насостық аппараттарды шығаратын мекеменің жылдық айналымы 1 миллиард теңгеден асады. Мемлекеттік мекемелерден бастап жер үйлерге дейін қажетті желдеткіш, тазартқыш сынды көптеген  аппараттарды шығаратын мекеме 240 адамды жұмыспен қамтып отыр.


«Алматыдағы ең ірі салық төлеуші компаниялардың бірі саналамыз. Өткен жылы біз мемлекетке бес жүз миллион теңгеден жоғары салық төледік. Компанияның өндірісін арттырып, сауда айналымын биылда арттыруды жоспарлап отырмыз. Сәйкесінше, салықтық түсімде тағы жоғарлайды деген сөз. 2016 жылы 3,8 миллиард теңгенің тауарын жүзеге асырсақ, биыл оны 15 пайызға арттырып, 4,3 миллиард теңгеге жеткізу жоспарда бар»,- деді Компанияның бас экономисі, Антон БУРДИН.    


Соңғы екі жылдың кіріс көлемін салыстырған салық мамандары индиктор бойынша төрт көрсеткішті негізге алған. Қазынаға құйылған қаржының артуына  «Құрылысқа рұқсат алу», «Электрмен қамтамасыз ету желісіне қосылу», техникалық шарттарды беру мерзімі мен құрылыс салуға құжаттың жылдам рәсімделуі де негіз болып отыр. Осының негізінде өткен жылы Алматы республикалық бюджетке 1 триллион 259 млрд. теңге салық құйған. Бұл 8,9% артық  немесе жоспарланған қаржыдан 102,6 млрд. теңгеге жоғары. 


«Ең біріншіден әкімшілендіру жаңа деңгейге көтерілді бізде. Түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 2015 жылға қарғанада жұмысшылар саны азайғанмен олардың айлықтары көбейді. Жергілікті бюджеттің басым бөлігі айлықтан түсетін. Табыс салығы мен әлеуметтік салық»,- деді Алматы қаласы МКД түсіндіру басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ.  


2015 жылмен салыстырғанда соңғы жылдағы  салықтық түсім көрсеткіші  223 млрд. теңгеге көп. Ірі компаниялардың үлесі 42 пайызды құраса, орта және шағын бизнесті қоса алғандағы көрсеткіш 57 пайызды құрап, 900 миллиард теңгеден асып түскен.


«Ірі нысандар іске қосылды.Мұнайға байланысты жаңа контрактілер пайда болды және девальвацияның кесірінен курстың айырмашылық оң жақ болғандықтан содан да табыс жақсы түсті. Біз жоспарды 104 пайызға орындадық. Ол 12 миллиард теңгеге артық»,- деді Алматы қаласы МКД түсіндіру басқармасының басшысы, Заңғар ШЫНДАЛИ.  


Жергілікті бюджетке құйылған түсімде төмен емес. Қала қаржысына аударылған сома 12,7 пайызға  артып, 338 млрд. теңгеден асқан. Кіріс департаментінің өкілдері бұл сома 2015 жылмен салыстырғанда Алматының бюджеті 38 млрд. теңгеге  өсіп отыр дейді.


Әмірболат Құсайынұлы, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы






Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир