|
05.01.2017 | 09:45
1837

Инфрақұрылымды жетілдіруге 100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Инфрақұрылымды жетілдіруге  100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Универсиада ойындарын өткізу қазірдің өзінде қаланы дамыту мен қызмет көрсету деңгейін көтеруге үлкен серпін бергенін атап өтті. Инфрақұрылымды жетілдіруге  100 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Сонымен қатар, қаланың мыңдаған тұрғыны жұмыспен қамтылды.


Универсиада ойындары басталған жоқ, дегенмен оның экономикалық әсері қазірден байқалуда. Дайындық жұмыстары бірнеше жыл бұрын басталған,. Қысқы студенттік спорт додасын өткізуге дайындық шеңберінде Алматы инфрақұрылымы құрылысы мен оны дамытуға республика бюджетінен 109 миллиард теңге қарастырылған.


«Универсиада нысандары құрылысына 1550 шағын және орта бизнес субъектілері жұмыспен қамтылды. Құрылыс және басқа салаларда 30 мың қосымша жұмыс орны құрылды. Төленген салық көлемі 9,2 миллиард теңгені құрады»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.


Қосымша жұмыс орындары қысқы ойындар өткізілген соң да құрыла бермек. Универсиада нысандары спорттық жарыстан кейін халық игілігіне беріледі.


«Универсиаданың операциялық дайындығына 5 мың қызметкері бар 200 компания жұмылыдырылды. Оның ішінде 80 пайызы алматылық кәсіпорын. Бюджеттен бөлінген 12,3 миллиард теңгенің 1,5 миллиарды қазынаға басқа да салық түсімдерін есептемегенде, қосымша құн салығы ретінде қайтарылады»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.


Ойындарды өткізуге дайындықтың ұйымдастыру кезеңі аяқталуға жақын. 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ұйымдастыру комитетінің төрағасы Иманғали Тасмағамбетов соңғы кеңес отырысында дайындықты тағы бір пысықтады. Себебі 58 елден келетін спортшылар мен туристердің келуіне санаулы күн қалды. Жалпы, спорттық жарысқа 2 мыңнан астам спортшы қатысады деп күтілуде. 2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары биатлон, таушаңғы, мәнерлеп сырғанау, сноуборд, шайбалы хоккей және шорт-трек сынды спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Еліміздің намысын 191 спортшы қорғайтын болады.


Перизат Көмекбайқызы, Рашидин Якупов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир