|
11.01.2017 | 10:37
6665

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан намысын Конго елінің тумасы қорғамақ

Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан намысын Конго елінің тумасы қорғамақ

Қысқы Универсиада бәсекесінде конькимен жүгіру спортынан Қазақстан намысын Конго елінің тумасы да қорғамақ. Ұлттық құрама сапында төрт жылдан бері өнер көрсетіп жүрген Дарсил 500 метр қашықтықта бақ сынамақ. Өзін қазақ санайтын Дарсилдің дайындығы келесі бейнематериалда.

Қысы жоқ жылы құрылықта туылса да Дарсил мұз үстінде сырғанауды бала кезінен жанына серік етіп келеді. Бұған дейін айтулы жарыста топ жарып,  әлем кубогі секілді халықаралық жарыстарда топ жарған жігіт жинған тәжірибесін тағы да пайдаланып көрмек. Отбасы Конгодан Қазақстанға біржолата қоныс аударып, қазақ елінің азаматтығын алған. Өз жерінде өтіп жатқан айтулы бәсекеде оза шапсам деген спортшы қазір қызу дайындықта. 

«Бір апатада бес күн дайындаламыз. Күніне екі рет. Таңертең және кешке. Таңертең мұзға шығамыз. Екі үш сағат жаттығу жасаймыз», - деді конькимен жүгіру спортынан ұлттық құрама мүшесі Дарсиль ЭССАМАМБО.

Сырғанаудың сан түрінен 200-ден астам рекордттық көрсеткіштер осы Медеу  мұз айдынында орнатылған. Дарсил қазір жаршы шақырым қашықтықты 35-36 секундтта сырғанап өтеді.  Ал, әлем рекортының көрсеткіші 34 секунд. Өзін қазақ санайтын спортшы сәті түссе жылдамдықты жаңарсам деген үміті де жоқ емес. Күш-қуат алу үшін  ұлттық тағамдарды да жиі жеймін дейді, конгодан келіп қазақ намысын қорғап жүрген жас жігіт.  

«Қазыны өте жақсы көремін, сүйемін. Бешбармақ. Күріш- ол қазақтың ұлттық тамағы емес. Бірақ сондада жақсы көрем. Шәй ішу. Қымыз-шұбат ішем қазақпыз ғой енді», - деді  конькимен жүгіру спортынан ұлттық құрама мүшесі Дарсиль ЭССАМАМБО.  

«Медеу» спорт кешенінде  500, 1000 метрге сырғанаудан және 5, 10 мың метрлік қашықтықтарға коньки тебуден сайыстар өтеді.  Ұлттық құрамадағы спортшылар  дайындық барысында  Харбин, Нагано, Астана және Херенвендегі әлем чемпионаттарына қатысқан еді.  Сондай-ақ конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама Қытайдың Үрімші қаласында да  оқу-жаттығу жиындарын өткізеді. Ал, енді екі аптадан соң басталатын бәсекеде еліміздің атынан 24 коньки тебуші студент мұз айдынына шықпақ.

Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир