|
28.06.2017 | 10:45
3643

Димаштың шығармашылық кешіне аспан асты елінен келген жанкүйерлері 6 метрлік баннер алып келді

Димаштың шығармашылық кешіне аспан асты елінен келген жанкүйерлері 6 метрлік баннер алып келді

Астанада бірнеше көшеде қозғалыс қиындайды. Оған кезекті жөндеу жұмыстарының еш қатысы жоқ. Басты себеп - Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кеші. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында өтетін бұл кешке ұйымдастырушылар ұзақ дайындалды. Тіпті аспан асты елінен жанкүйерлері де арнайы келіпті. Кеш қалай өрбиді? Оның қонақтары кім? Бұл сұрақтарға жауап алу үшін дәл қазір елордалық әріптесім Азамат Әуезхан бізбен тікелей байланысқа шықпақ. Азамат, қайырлы кеш, Астана көшелері қай уақытқа дейін жабық болады? Димаштың кешіне келген адам қарасы көп пе?

Иә, ...! Астана Арена алдында қарағұрым халық. Барлығы Димаш Құдайбергеннің шығармашылық кешін тамашалауға жиналып жатыр. Тіпті аспан асты елінен жанкүйерлері де арнайы келіпті. Бұған дейін, Астананың ішкі істер департаменті кешкі жетіден бастап, концерт аяқталғанша Тұран, Қабанбай батыр, Жәнібек, Керей хандары және Ұлы дала көшелерінде  қозғалыстың қиындайтынын мәлімдеген еді. Шынымен де, кең ауқымдағы кешке көрермендердің көп келетіні айтпаса да түсінікті. Осыған дейін ақпараттық агенттіктер концертті тамашалау үшін қытайдан бір топ жанкүйерлерінің келгенін айтқан еді. Олар өздерімен бірге Димаштың есімі жазылған 6 метрлік баннер де алып келіпті. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің аясында ұйымдастырылған шара билеттеріне деген сұраныс мәдениет және спорт министрлігін ойландырып тастаса керек. Қазір олар Димаштың қосымша кеш өткізу жайын ойластырып жатыр. Шара басталмас бұрын кешті тамашалауға келген көрермендер мен қонақтарды сөзге тартып көрген едік. Тыңдайық онда....

¤Димаштың «Бастау» деп аталатын бұл концертіне  Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы, Қытайдың жарық жұлдызы Терри Лин, 2012-ші жылғы Евровидение жеңімпазы Лорин, Тұманды Альбион әншісі Софи Элис Бекстор мен ресейлік әртіс Кристина Орбакайте осында өнер көрсетеді. Айта кетейін, күні кеше ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өтіп жатқан Ақтөбе облысының мәдени күндері кешінде Димаш та өз өнерін көрсеткен болатын. Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын Ақтөбенің қарапайым жігіті аспан асты елінде өткен әлемдік деңгейдегі «I Am a Singer»  конкурсында өзінің ерекше даусымен мега жұлдызға айналып шыға келді. Жобаның ақтық сынына шығып, екінші орынды иеленсе, жақында қытайлық үлгідегі «Гремми» сыйлығының «Азиядағы ең танымал әншісі» деген номинацияны қанжығасына байлады. Жүз рет естігенше бір рет көрген артық. Әнуар, сәлден кейін, менің әріптесім бүгінгі кеш туралы толыққанды ақпар береді. Менде әзірге айтар осы Әнуар!

Рахмет. Құрметті көрермен тағы да айта кетейін студиямен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Азамат Әуезхан болатын.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир