|
30.06.2017 | 11:21
1501

Қазақстандықтар тұтынушыларға арналған несиелерді жиі алатын болған

Қазақстандықтар тұтынушыларға арналған несиелерді жиі алатын болған

Қазақстандықтар тұтынушыларға арналған несиелерді жиі алатын болған. Әсіресе, азаматтардың көбі шағын несиелік мекеме қызметіне көп жүгінеді. Мамыр айында тарихи рекорд орнапты. Мәселен, қарыз көлемі бірден 12,5 пайызға өскен. Мамандар несие науқанын жаз айларының келуімен байланыстырады.

«Егер бұған дейін несие көлемі екі жыл бойы 4,5 триллион теңге болса, онда биылғы жылдың маусым айының қорытындысы бойынша 4,75 трлн теңге. Ал, қарыз алушылардың саны 8 миллионнан асып жығылады. Яғни, бұл қазіргі уақытта несиесі бар адамдар. Жаз алдында бірі демалысқа, бірі оқуға түсуге енді бірі жөндеу жұмыстарына алып жатады. Оған қоса, қазір қысқамерзімді несиелер жиі беріледі»,- деді "Бірінші кредиттік бюро" ЖШС бизнесті дамыту жөніндегі директоры, Әсем НҰРҒАЛИЕВА.

Ал, қарыз алып, кейін қайтарудан қашатын әрбір 5 азамат болып отыр. Демек, берілген жеке несиелердің 18 пайызы қайтпай қалуда. Бизнесте бұл сан 19 пайызды құрады. Көрсеткіш мамыр айында төмендеп кеткен.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир