|
28.06.2017 | 10:28
2863

Алматыда кәсіпорындар арасында байқау өтуде

Алматыда кәсіпорындар арасында байқау өтуде

«Қазақстанның үздік тауары». Дәл осындай атаумен Алматыда кәсіпорындар арасында байқау өтуде. Шараның басты мақсаты - шағын және орта бизнесті дамыту. Ал, өңірлік додада бағы жанған кәсіпкерлер өз өнімдерін Республикалық деңгейде өтетін көрме-байқауда паш етуге жолдама алады. «Еліміз Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болғандықтан нарықтағы бәсекелестікке Отандық тауарлар төтеп берулері керек» дейді ұйымдастырушылар. «Қазақстанда жасалған» деген марканы лайықты түрде ұсынып жүрген кәсіпкерлермен әріптесім Нұрсұлтан Біләл тілдесіп қайтты.

Осымен дәстүрлі түрде 11-ші жыл қатарынан қала әкімдігі мен кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып отырған өңірлік көрме -байқауына 62 компания қатысып отыр. Конкурстың форматына сай Отандық өндірушілердің ең үздік тауарларының үлгілері ұсынылды. Жеңіл және азықтық өнеркәсіп өнімдері, жұмсақ жиһаз, көлік пен өндірістік құралдар. Сапасы мен бағасы қолайлы тауарлардың жүздеген түрін «Қазақстанның үздік тауары» байқауында кездестіруге болады. 

«Біз 3 номинация бойынша байқау өткізудеміз. Атап айтсақ, «Өндірістік бағыттағы үздік тауар» бұл санатта 21 компания, «Халыққа арналған үздік тауар» - 26 компания, ал «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясы бойынша 15 компания бақ сынауда»,- деді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы, Любовь АЛЕКСЕЕВА. 

Үздіктердің үздігі қатарында былғарыдан ұлттық нақышта аяқ киім жасап шығаратын Әсел Өмірзақованың шағын кәсібі. Мына ою-өрнектермен әспеттелген өнер туындысын жасау технологиясы ерекше және ол құпияда сақталады. Ал, кәсіпкердің айтуы бойынша шеберханада небәрі 4 адам жұмыс істейді екен. 2,5 жыл бұрын ашылған кәсіпті одан әрі дамыту үшін қалалық әкімдік үлес қосқан көрінеді. 

«Акиматта конкурс жүріп жатыр инновационный. Гранд беріліп жатыр 3 млн есебінде қайтарымсыз деп. Соған конкурсқа қатыстық. Сол жерден 3 млн теңге гранд ұтып алдық. Ол грандқа біз оборудование алдық»,- деді Кәсіпкер, Әсел ӨМІРБЕКОВА. 

Кәсіпкердің ендігі алдында тұрған мақсаты дизайны ерекше, отандық аяқ-киімді арзан бағамен нарыққа шығару. Ал көрмеге алғаш рет қатысып отырған 3 жылға жуық тарихы бар сағат шығарумен айналысатын компания жүлделі орынға ие болатындарына сенімді. Өйткені, сағат шығаруды елімізде тұңғыш рет бастаған кәсіпорын күрделі механизмнің жоғары сапасын шет елдік мамандар да мойындап отырғандығын айтады. 

«Сағатымыз эфир кристалынан құралған, алтын жалатылған, былғары теріден жасалған. Жоғары сапалы материалдан жасалған. Біз өзіміздің сағатымызды ұялмай Отандық өнім деп айта аламыз»,- деді Сағат шығаратын компанияның сату бөлімінің жетекшісі, Бекзада САРСЕНБАЕВА.

Жүзге жуық Отандық өнім ұсынылған көрме-байқау ертең өз мәресіңе жетіп, Қазақстанның үздік тауарлары анықталады. Әрбір кәсіпкер жүлделі орынға үмітті. Өйткені мұнда ұсынылған әр-бір тауар жоғары бағаға лайықты.

Нұрсұлтан Біләл, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир