|
01.07.2017 | 09:36
1925

Алматыда кезекте тұрған мүгедектер қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі

Алматыда кезекте тұрған мүгедектер қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі

Соңғы бес жылда кезекте тұрған мүгедектер биыл түгелдей қажетті құралдармен қамтамасыз етіледі. Көру, есту  қабілеті нашар, сал ауруымен ауыратын, өздігінен жүре алмайтын  836 адамға 958 арба  алынды. Жалпы, қаладағы 40 мыңнан асатын мүгедек жанның жағдайына жәрдемдесу үшін бюджеттен бөлінген қаржы екі есеге артып, 4,1миллиард теңгеге жеткен. Бірақ бұнымен іс бітпейді. Шешілмеген мәселе шаш етектен. Қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен өткен координациялық кеңесте көтерілген мәселелерді келесі бейнематериалдан көрсек.

Ұлан Әскербекұлы 1-топтағы мүгедек. Туғанынан кемтарлығы бар жігіт ағасы әлеуметтік көмекке қашанда зәру. Мемлекет құны жарты миллион теңге тұратын  арба да берген. Ай сайын 40 мың теңгедей жәрдемақы алып отырады. Бірақ, сауықтыру, бейімдеу орталықтарына бару, көшеде жүріп тұрудың қиындығы сынды жағдайын жеткізу үшін қала әкімдігіне келді.

«Мүгедектердің мына жұмыс орнына жетуіне транспорттық проблема, одан кейінгі мына мүгедектердің үкіметке қарамай, өз нанын өзі тауып жеуін қамтамасыз ету. Мүгедек болып қалған кісілер. Оларға қатты қажет адаптациялық центрлер. Өйткені біріншіден психологиялық, екіншіден ана коляскіні қалай айдау керек. Өмірге бейімдеу үшін керек. Тротуар дейміз. Сәйкес келмейді. Өйткені, кейде арба аударылып кетуі  мүмкін. Алядама дейміз. Солардың өзі сәйкес келмейді».- деді Қалалық мүгедектер қоғамы басшысының орынбасары, Ұлан  ІҢКӘРБАЕВ.

Автобустардың мүгедектерді мінгізуге құлықсыз болуы, қандай аялдамаға келгенін жария етпей жүре беруі, көптеген ғимараттардың кіріп-шығуға қолайсыздығы, мүгедектердің көмекші, күтушілеріне ақының төленбеуі сынды сан түрлі мәселелер бар. Денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік  бағдарламалар,  көлік, құрылыс  басқармасы сынды мемлекеттік мекемелерден бөлек жиынға 19 қоғамдық ұйымның өкілдері қатысып, қала әкіміне жасалған және шешілмеген жұмыстарды жеткізді.

«2016 жылы біз оларға 2 миллиард ақша бөлінген болса, биыл ол ақша 89 пайызға үлкейіп отыр. Сондықтан ол ақшаға біз барлық мүгедек жандарды құрал-жабдықтармен қамтуды жоспарлап отырмыз. Үкімет инвалид балаларды қараса, сондай үкіметтік ұйымдар бар. Оларда қарайды. Олар өздерінің ақшасын салады, біз екінші жағынан ақша саламыз. Сол кезде  бәсекелестік. Қайсысы дұрыс, жақы беріледі»,- деді Жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы, Айгүл  АХМЕТОВА.

Алматыда 42 769 мүгедек тіркелсе, олардың 25 мыңға жуығы 1, 2, он бір мыңнан астамы  2 топтағы мүгедек. Биыл оларға бөлінген қаржы бірден екі есеге дейін көбейгендіктен, 2012 жылдан бері кезекте тұрғандарға 221 миллион теңгенің 958  арбасы алынған. Бұдан бөлек синтезді ноутбук, кітап оқитын машина, смартфон сынды үш мыңдай адамға заманауи техникалар алынған. Бірақ бұнымен мәселе бітпейді. Қаладағы әр ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың серуеудеуі үшін кемінде үш сквер салу қажет деді қала басшысы.

«Жұбату үшін бір  жұмыстар  жасалып жатыр деп есеп бергенше, нақты мәселені шешу керек. Нақты қандай проблема бар? Ол жұмыстармен нақты кімдер айналысатынын және қанша уақытта жұмыстың аяқталатынын анықтау керек. Сол кезде ғана нәтиже болады.  Өте көп қаржы бөлініп жатыр. Ол ашық болу керек. Қаражатты тиімді жұмсап, сапалы жұмыстар атқарылуы тиіс. Құрал сайман алынады. Ол істемей зертханаға жібереледі. Немесе мүгедекті сауықтыру орына жіберсе, оны апаратын, қарайтын адамға ақы төленбейді. Жұмыс жасалып жатыр. Бірақ бұндай істерді соңына дейін, Бұндай істерді түбегейлі, соңына дейін шешу керек»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан  БАЙБЕК.

Қала әкімі денсаулығында кемістігі бар балаларды ғана емес, оларды бағатын ата-аналарына да көңіл бөлу керек деді. "Кедергісіз қала" бағдарламасы аясында атқаратын шаруа аз емес. Мүгедектерді жұмыспен қамтып, кәсіппен айналысатын мүмкіндігі шектеулі жандарға салықтық жеңілідіктердің жоқтығы да айтылды. Қазір қалада 5 мыңнан астам мүгедек оқушы болса, оларға 36 мектепте дамыту-жетілдіру бөлімдері ашылған. Қалада мүгедектер мәселесімен айналысатын 32 қоғамдық ұйыммен белсене жұмыс жасау қажеттігі де тапсырылды. Жиын соңында мүгедектердің проблемасын көтеретін  әкімнің көмекшісі сайланды.

Әмірболат Құсайынұлы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир