|
08.02.2017 | 10:09
1563

Елімізде тіркелетін қылмыстық және әкімшілік үдерістерді электронды форматқа көшіру керек

Елімізде тіркелетін қылмыстық және әкімшілік үдерістерді электронды форматқа көшіру керек

Елімізде тіркелетін қылмыстық және әкімшілік үдерістерді электронды форматқа көшіру керек. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бас прокурорға осындай тапсырма берді. Елбасы, жаңа тәсілге көшу арқылы - ұзақ қаралатын істерді тез әрі бұқпасыз шешуге болатынын айтты. Бұл - азаматтардың құқығын қорғауға да септеседі. Электрондық формат туралы президенттің биылғы халыққа жолдауында да айтылған. Қазір прокурорлар Елбасы пәрменін мүлтіксіз орындауға жең түре кірісіп кетті.  

«100 қадамды, 5 реформаны нақты орындасақ, межесіне келеміз деп ойлаймын. Жоғарғы сот жағынан, прокуратура жағынан. Екінші мәселе - Конституциялық реформаның ішіндегі өзгерістер. Осылардың барлығын қарау керек. Істелетін жұмыс көп»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Егемендік алған жылдан бері елімізде қылмысқа баратындар саны азайған екен. Есесіне, абақтыда мерзімдерін өтеп жатқан адамдар саны күрт қысқарыпты. 90-шы жылдары Қазақстандағы түрмелерде 100 мыңға жуық адам отырса, қазір олар 36 мыңға сиреген.  

«Бізде жыл сайын 500 мың қылмыстық іс тіркеледі. Бұл шетел елдерімен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Мәселен, Германияда 6 жарым млн, Францияда 3 млн қылмыс жасалады.  Бұл елдермен салыстырып отырған себебім - біздің қылмысты тіркеу жүйеміз ұқсас»,- деді ҚР бас прокуроры, Жақып АСАНОВ.



¤


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир