|
06.01.2017 | 10:50
2228

Алматы қаласы Жетісу ауданында газ мәселесі шешімін табуда

Алматы қаласы Жетісу ауданында газ мәселесі шешімін табуда

Алматы қаласы Жетісу ауданында газ мәселесі шешімін табуда. Қазір 10 нысанда құбыр тарту жұмысы жүргізілуде. Бұл жұмыстар толығымен осы жылдың аяғына дейін аяқталады деп күтілуде. Жалпы аудандағы барлық тұрғын 2018 жылға дейін толық көгілдір отынмен қаматамасыз етіледі.

Макаренко көшесіндегі бұл 5 қабатты тұрғын үй бірнеше жылдан бері табиғи газға қосыла алмай келген болатын. Мұндағы 56 пәтер тұрғыны электр плиталарын пайдаланып отырған. Айдың аяғында жарық үшін төлейтін ақылары 5 мың теңгеден асып жығылған.

«Электр энергиясына қала бойынша есептелетін тариф бойынша төлейтінбіз. Атап айтқанда, электр плитаға 250 киловатт шығатын. Бұл қалтамызға ауыр тиетін», - деді Алматы қаласының тұрғыны Людмила МЕЛЬНИЧУК.

Мұндай шығыннан құтылуды мақсат тұтқан тұрғындар өткен жылы жазда жиналыс өткізіп, табиғи газға қосылуды шешкен.

«Тұрғындардың барлығы бізге осы газ керек дегеннен кейін 100 пайыз халықты жинап, жиналыс жүргізіп, содан кейін әкімдікке өтініш бердік. Қалалық әкімдікке рахмет. Содан міне газ тұрғындардың әр үйінде болады», - деді «Айбат» ПИК төрайымы Гүлфара ЖҮСІПОВА.

Мердігер компания құбырды тарту жұмысын өткен жылдың қараша айында бастаған. Бұл жұмыс толығымен қаңтар айының ортасына дейін аяқталады деп сендіруде.

«Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының тапсырысы бойынша халықты газдандырылу мәселесімен жұмыстар басталды. Енді барлық келісім жұмыстары жүргізіліп болды. Осы келесі апта мына жұмыстардың барлығын толық бітіреміз деп отырмыз», - деді  мердігер компанияның заңгері Ерлан ОСПАНОВ.

Макаренко көшесі 64 үйден бөлек, тағы 4 көпқабатты тұрғын үй табиғи газбен қамтылмақ. Құрылыс жұмыстары қазіргі таңда Жетісу ауданында 10 нысанда жүргізілуде. Жыл аяғына дейін аудандағы 400 үй көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир