|
30.06.2017 | 10:46
2204

Елорданың сот орындаушылары 4 балалы әйелді үйден шығарды

Елорданың сот орындаушылары  4 балалы әйелді үйден шығарды

Елорданың сот орындаушылары Зейнеп Шакирганованың ісіне нүкте қойды. Олар патранатты отбасыны балалармен бірге үйден шығарды. Есте болса, 62 жастағы әйелдің қамқорлығында 4 бала болатын. Осыған дейін, сот орындаушылар соттың шешімін бірнеше рет орындамақ болып талпынған еді. Енді Зейнеп Шакирганова балаларымен бірге қайда барып күнелтеді? Азамат Әуезхан біліп қайтты.

Қала орталығы секілді, Ғабдуллин көшесіндегі мына үйдің алдында халық қарағұрым. Зейнеп Шакирганованы үйден шығару үшін тәртіп сақшылары, өрт сөндірушілер, медқызметкерлер мен сот орындаушылары арнайы келген. Сақтықпен жиналған түрлі органның өкілдері жабылып сот шешімін орындау әрекет қылды. 

«Бұл көшірудің немен аяқталатынын білмеймін. Бірақ кешке дейін пәтер босайды деген үміттемін. Ал мұнда тұрып келгендер өздерінің пәтерлеріне баратын шығар»,- деді Қала тұрғыны, Елена КОМАРОВА.

62 жастағы әйелді құзырлылар заңсыз иеленген пәтерден 2014 жылдан бері шығара алмай келеді. Зейнеп Шакирганова бірнеше рет сот шешімімен келіспей, қарсы шағым да жазған екен. Бір сөзбен айтқанда үйді босатудан бас тартқан. Тұрып келген шаршы метрін заңды түрде иеленіпті-мыс.

«Бұларға әдет болып кеткен. Бірінші жағдай емес бұл. Қазір қылмыстық іс қозғайтын боламыз. Маған куәліктерін көрсетсін, суретке түсіріп алайын»,- деді Қала тұрғыны, Зейнеп ШАКИРГАНОВА.

Ал сот орындаушылары үшін ғана емес, пәтердің заңды иелері үшін де сәтті күн болған секілді. Көптен бері қоныстана алмай жүрген негізгі қожайындар енді заң жүзінде бәрі шешілетініне сенімді. 

Бірақ, оқиғаның себепкерін кездестіре алмадық. Пәтерде болмай шықты. Заң қызметкерлеріне есікті балалардың өздері ашты.

«Балалардың заңды өкілінің пәтерге құқығы бар. Олар сонда тұратын болады. Астана қаласынан 200 шақырымда орналасқан Степногорск қаласында. Біз балаларды арнайы автобуспен апарамыз. Балалар үйіне бармайды»,- деді Қамқорлық көрсету органының өкілі, Ғалия ӘМІРІНОВА.

Үйдің нағыз егелері есіктің құлпын да ауыстырып үлгерді. Пәтердегі барлық заттар мен киім-кешектерді жүк көлігіне тиеп, Зейнеп Шакиргановаға беретін болады.

Азамат Әуезхан, Олжасбек Маден, «Алматы» телеарнасы Астанадан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир