|
30.12.2016 | 14:46
2562

«Алматы» арнасы және Қазнет қолданушылар Жаңа жылмен құттықтады!

«Алматы» арнасы және Қазнет қолданушылар Жаңа жылмен құттықтады!

Бұл роликтің басты идеясы – түрлі адамдарды бір видеоға жинап, көрсету. Түсірілім барысында барлық қатысушылар Алматының әсем келбетін аша білді деп ойлаймыз. Біз кімбіз? Қандай мәселе біздің жанымызды мазалайды? Алға қойған жоспарымыз қандай? «Алматы» телеарнасы интернет – редакциясының ұжымы жасаған Жаңа жылдық видеода әртістер, суретшілер, студенттер, музыканттар, сондай-ақ арнамыздың продюсерлері, жүргізушілері мен журналистері, бағдарлама кейіпкерлері жылды қорытындылап, халыққа деген жылы лебіздерін білдірді. Біз жаңалық жасаймыз, сіздердің пікірлеріңізді ескереміз, сарапшылардан сұхбат аламыз, көңілдеріңізді көтереміз. Жалпы айтқанда, Алматы қаласы үшін және Қазақстан үшін пайдамызды тигізуге тырысамыз! Біз сіздерді жақсы көреміз! Келе жатқан 2017 жыл құтты болсын! Біздің ұжым жасаған видеомызды тамашалаңыздар!


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир