|
20.06.2017 | 12:33
2397

Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені анықталды

Алматыда жоғалған студенттің Шымкентте жүргені анықталды

Жоғалған студент тірі. Алматы қалалық ішкі істер департаменті өкілдерінің бейресми ақпараты бойынша Арман Нұржанұлы Шымкентте жүр. Ол қаладағы бірнеше бейне бақылауға түсіп қалған. Тіптен супермаркеттен киім сатып алғаны да жазылып қалыпты. Бірақ студенттің өзі табылған жоқ. Диплом қорғауға бір күн қалғанда іс-түзсіз жоғалған 22 жастағы жігітті анасы әлі іздеп жүр. Анасының айтуынша, оның қалтасында қомақты қаржы мен қымбат телефон болған. Полицейлер, айфон арқылы Арманның  оқу орнына емес, Сайран автовокзалына барғанында GPS арқылы анықтаған еді. Грантта оқып, емтихандарын жақсы бағаға тапсырған студентті іздеуге  40-тан астам полицей мен еріктілер жұмылдырылған.

«Көңілім толмайды бұл аса ұзаққа созылғаны. Тергеуге сенем ғой. Бірақ, тергеу бұданда жылдам болса заявление жаздық қой. Олар өздерінің жұмыстарын жасап жатыр. Бірақ ол жұмыстан еш нәтиже жоқ.  Міне содан бері еш нәтиже жоқ»,- деді Арманның анасы, Салтанат ӘБІЛМӘЖІНОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир