|
12.01.2017 | 09:56
2734

Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары 8 мыңнан астам дауды шешіпті

Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары 8 мыңнан астам дауды шешіпті

Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары былтыр 8 мыңнан астам дауды шешкен. Алматыдағы достық үйіндегі медиаторларға 130-ға жуық азамат көмек сұрап келіпті. Мамандардың сөзінше, олардың басым бөлігі отбасылық мәселелермен жүгінеді. Мұндай институт ресми түрде елімізде 5 жыл бұрын құрылған. Оның негізгі міндеті - адамдар арасындағы дау-дамайды сотқа жеткізбей шешу.


«Біз талай семьяны татуластырып жібердік. Өйткені, біздің Қазақстан халқы Ассамблеясының 2025 жылға дейінгі даму концепциясында осы бір тарау бар. Еліміздегі отбасылық жағдайларға. Өйткені,елімізде ажырасу өте көп қой. Біз сақтап қалуымыз керек. Кез келген үйде ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмауы да. Сондықтан, осында келіп жатқан мәселеге шешуге тырысамыз. Түсіндіреміз»,- деді ҚР президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ әдістемелік медиация кабинетінің меңгерушісіНұрсәуле АЛТЕКОВА.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир