|
05.01.2017 | 11:29
3944

Шымбұлақ жайында жалған ақпарат таратқан жауапкершілікке тартылады

Шымбұлақ жайында жалған ақпарат таратқан жауапкершілікке тартылады

Шымбұлақ курортының әкімшілігі төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқандарды жауапкершілікке тартуды талап етуде. Алматы қаласының ішкі істер департаментіне демалыс орнының заңгерлері қазір қажетті арыздарын дайындап жатыр. Еске сала кетейік, бейтаныс адамдар ғаламторға аспалы жолдағы кабиналардың бірінің құлағаны туралы бейнероликті жариялаған болатын. Бірақ, бейнетүсірілімнің қай жерде орын алғанын автор көрсетпеген. Шымбұлақ әкімшілігі болса, барлық техника штаттық режимде жұмыс жасаған, ал аталмыш бейнематериалдың жалған екенін алға тартты.


«Бейнетаспада аспалы жолдың тоқтап тұрған сәті көрсетілген. Адамдар кабинаға соңғы уақытта отырғанда немесе есіктердің жабылуына кедергі келтіргенде автоматты түрде аспалы жол тоқтайды. Бейнеде солай көрінуі мүмкін, бірақ бұдан қорқудың қажеті жоқ. Ол жерде барлығы ережеге сай жасалынады»,- деді «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты меркетинг департаментінің жетекшісі, Владислав СЕМЕНОВ.

 







Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир