|
26.12.2016 | 09:27
5449

Қала тұрғындары қыс бойы құны төмен қияр мен қызанаққа қол жеткізе алады

Қала тұрғындары қыс бойы құны төмен қияр мен қызанаққа қол жеткізе алады

Қала тұрғындары қыс бойы құны төмен қияр мен қызанаққа қиналмай қол жеткізе алады. Алматыдағы индустриялды аймаққа салынған ірі жылыжай өнімдерін қаладағы сауда орындарына таратып жатыр. Қызанақтың төрт, қиярдың екі сорты өсірілген. Тәулігіне 17 тонна қияр теріп, сауда орындарына таратылып жатқан көкөністің бағасы қандай? Тақырыпты тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы тарқатсын.¤

Мынау ірі сауда орталықтарындағы қиярдың қазіргі құны. Қыс түскелі келісі мың теңгеге жете жығылған. Анықтамада қиярдың құнымен қатар қазақстанда өсірілген деген жазуы да бар. Бірақ, анықтай келе басшылар қиярдың қытайдан келгенін жеткізді. Көкөніске қызықсада қалтаға ауыр түсетінін білген тұрғындар тек тамсанып қана кері бұрылады.

Индустриялды аймақтағы жылыжай жұмысшыларында да  тыным жоқ. Қыстың бірнеше айында нарықтың сұранысына неғұрлым мол өнім шығаруға тырысып жатқан жылыжай басшыларының жүгірісі де қауырт. Голландиялық әдіспен салынған жылыжайдың жалпы аумағы 12 гектар. Оның  5 гектары қиярға тиесілі болса, өзге  жерде қызаанақ, баклажан, бұрыш сынды жемістер өсіріледі.

«Қалалық әкімшілікпен жасалған мемарандум бар. Сол мемарандум барысында қазір тауар қалаға кетіп жатыр. Енді келешекте қаладан артылып жатса сырт елге шығаруымыз мүмкін. Ол қай кезде артылады. Мына көктемде өзіміздің ашық аспан астындағы өнім шыққанда»,- деді Жылыжай директорының орынбасары, Шәкен БӨЛЕКБАЕВ.

Алматыға тынымсыз ағылып жатқан көкөністердің көбі Ташкент пен қытайға тиесілі. Қала халқының сұранысын қамтамасыз ету үшін күніне кемінде 300 тонна  қияр өсіру қажет екен. Ал жылжайдай тәулігіне 17 тонна қияр теріледі. Бұл Алматы нарығының ары кеткенде 10 пайызына да жетпейді. Бірақ, іргеде орналасқан көкеністердің құны импорттан қарағанда 30 пайызға төмен.

«Таңда қалаға 30 пайыз жеңілдікпен беріп жатырмыз. Танымал болып жатыр біздің тауарлар. Сұраныс бар. Қазір бізде 178 адам жұмыс істеп жатыр. Екі голандиядан келген агроном бар»,- деді Жылыжай директоры, Нұрлан ӘДІЛХАН.

Жылыжай жылына 7 мың тонна қияр мен қызанақ өсіруді жоспарлаған.  Ірі қаланың  агроөнімдер белдеуін құру саясатын жүзеге асыру мақсатында ашылған орталықтың өзіндік шығындары да жоғары.  Жұмысшылар  жалақысын қоса есептегенде су, газ бен жарыққа 100 миллион теңге шамасында шығын кетеді дейді басшылар. Бірақ, соған қарамастан қиярдың бір келісін қыс мезгілінде 500 теңгеден асырмау туралы қала билігімен келісімге келген. Өнімдер қазір Алматыдағы ірі сауда желілерінде таратылып жатыр. Сауда орталықтарындағы жеткізіліп жатқан көкөністердің бір келісі 575 теңгеден аспауы тиіс. Тұтынушылар  үшін тынымсыз  тасымалданып жатқан бұл көкеністер импортқа толық тоқтау сала алмасада сырттан келіп жатқан  тауар бағасының аспандап кетпеуіне де ықпал етпек.


Әмірболат Құсайынұлы, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир