|
06.01.2017 | 09:32
5752

Алматыда нан бағасы 6 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Алматыда нан бағасы 6 теңгеге қымбаттауы мүмкін

Алматыда нан бағасы 6 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Ел арасын аралауға шыққан парламент мәжілісінің депутаттарына «Ақсай-нан» комбинатының басшылары маңызды мәселені төтесінен қойды.  Ірі наубайхана басшыларының айтуынша, қазір нан комбинатының айлық шығыны 55 миллион теңге. Шығыннан құтылудың жолы 69 теңгеден дүкендерге таратылып жатқан нанның бағасын 75 теңгеге дейін көтеру. Наубайханашылармен бір сәт бірге  жұмыс істеген Парламет Мәжілісі  төрағасының орынбасары нан құнын көтеруге қатысты қандай ой айтты. Тақырыпты тілшіміз Әмірболат Құсайынұлы тарқатсын.


Тәулігіне 130 тонна ұннан ондаған нан өнім түрін шығаратын Алматыдағы ірі комбинаттың алды таңнан қарбалас. Ел ішін аралап,  кәсіпорын жұмысшыларымен кездесуге шыққан Парламент Мәжілісінің депутаттары нан зауыттың шығынға батып жатқанын алғаш естісе керек. Алматы тұрғындарының басым бөлігін нанмен қамтамасыз етіп отырған комбинат басшылары мәселені төтесінен қойды. Айтуларынша, қазір жоғары сортты ұнның құны қымбаттағандықтан зауыт шығынға батып жатыр.


«Біздегі үлкен проблема ол әлеуметтік нанды пісіретін ұн бағасының  қымбаттауы. Соның кесірен біз шығынға батып жатырмыз. Мәселен, 2010 жылы нанның бағасы 55 теңге болса, осы нанға қажетті ұнның бір келісі  40 теңгеден болды.  Қазір, әлеуметтік нанның бағасы 69 теңге, бірақ жоғары сортты ұнның келісі 92 теңге. Оның сыртында ашытқы сияқты өзгеде қажетті заттардың бағасы да өскен. Біз шығынды әрине өзгеде нан өнімдерінің түрін шығару  арқылы жабуғы тырысып отырмыз»,- деді «Ақсай нан-тоқаш комбинаты» ЖШС директорының орынбасары, Раиса ЦЫГАНОК.


Қазір комбинатта үш жүзден астам адам жұмыс істейді. 30 жылдық тарихы бар мекеме тәулігіне  180 тоннаға дейін ұн өнімдерін шығаруға қауқарлы. Бірақ, қазір Семейден тасымалданып жатқан ұн пайдаланатын зауыт толық күшінде емес. 130 тонна шамасында ұн илеп, елуге жуық тағам түрлерін пісіреді. Күніне сегіз сағат жұмыс істеп, айына 50-60 мың теңге аралығында айлық алатын наубайханашылармен бірге Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасарыда бірге жұмыс істеп, олардың хал-ахуалымен танысты. 


Айлығы төмен адамдарды жәрдемақымен жұбатқан мәжілісімендер комбинаттың тыныс-тіршілігімен толық танысып, буы бұрқыраған тоқаштардан да дәм татысып, тамсанды. Наубайханашылардың сауалдарына жауап берді.


«Газ, электр энергия, транспорт бағасы өспесе онда баға неге өсуі тиіс. Олардың айтып отырғаны басқа мәселе. Мекемеге де шығын түспеу керек. Себебі, ол мекеменің табысы, жұмысшылардың айлығы. Міне осының тиімді жолын қарастыру бізідң бүгінгі келгендегі мақсатымыз»,- деді ҚР парламент мәжілісі төрағасының орынбасары, Гүлмира ЕСІМБАЕВА.  


Кешегі күннен бастап өңірлерді аралауға кіріскен мәжілісімендер айтылған проблемаларды жоғарыда көтермек. Алматылық сайлаушылардың атынан Парламентте отырған бір топ депутаттар агроөнеркәсіп саласындағы түйткілдерді тыңдап, мәселені қарастырамыз деп тарқасты. Ал компания басшылары  нан бағасын 5-6 теңгеге қымбаттау туралы ұсынысты қала билігінің қарауына жіберіпте үлерген екен. 


Әмірболат Құсайынұлы,  Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир