|
30.12.2016 | 10:08
2410

Жол полициялары көліктерді таяқшамен тоқтатпайтын болды

Жол полициялары көліктерді таяқшамен тоқтатпайтын болды

Жол полициялары бұдан былай көліктерді таяқшамен тоқтатпайтын болады. Еліміздің Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты халықаралық тәжірибе енгізбек. Аталған заң алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Тәртіп сақшылары көлікті тоқтату үшін қолын көтереді немесе ысқырықты пайдаланады. Сондай-ақ дыбыс күшейткіш әрі автопатрульмен тоқтатуға құқылы. Жол ережесін бұзғандарды анықтау үшін бейнекамералар мен бейне тіркеуіштер қолданылады.


«Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздіген қатысты  халықаралық тәжірибемен танымсып зерттеген болатын. Қазіргі уақытта бірқатар Еуропалық елдерде жол полициясы көлікті тоқтатарды арнайы таяқша қолданбайды», - деді ҚР ІІМ Департамент директоры Алмас САДУБАЕВ.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир