|
21.06.2017 | 11:53
1644

Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланды

Үкімет отырысында денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері талқыланды

Мемлекеттік сатып алу жүйесін ретке келтіру қажет. Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев қаржы министріне осындай тапсырма берді. Үкімет отырысында мемлекеттік сатып алу мәселесі сөз болған еді. Бақыт Сұлтанов осы салада кездесетін мәселелерді бастапқы кезеңде шешу керектігін айтты. Оның ойынша, шағымдарға жол бермеу үшін ішкі аудит, жергілікті атқарушы орындар мен мемлекеттік орындар алдын ала әрекет жасаулары тиіс. Конкурстық құжаттама ілінген кезде, әлеуетті өнім берушілер осы кезеңде шешімді қайта қарауды талап ете алады. Қазір бұл мәселені реттеу үшін ұсыныстар енгізіліпті. Ал үкімет басшысы, бұл мәселенің барлық өңірлерде кездесіп отырғанын және жауапты ведомоствада ретке келтіруін талап етті.

«Бақыт Тұрлыханұлы, Сіздің өңірлердегі қызметтеріңіз барлық конкурстарды тоқтататын құрал ретінде жұмыс істеуде. Мұны әкімдер де растап береді. Сондықтан алдымен осы мәселені қолға алу керек. Ал жалпы алғанда, айтылған ұсыныстарды біз қолдаймыз. Президент әкімшілігімен келісуге және талқылауға бізде бір апта бар. Келесі жолы дауыс беріп, маусым айының аяғына дейін Мәжіліс қарауына жіберуіміз қажет. Жұмысты жалғастырамыз», - деді Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Ал Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отандық денсаулық сақтау саласын дамыту мақсатында медициналық мекемелерді біріктіруді ұсынды. Ол сала жұмысын жақсартып, шығынды азайтады екен. Министрдің баяндамасын тыңдаған Бақытжан Сағынтаев бұл жолы да бірнеше ескерту жасады. Үкімет басшысы науқастарға қиындық туғызбауды және жүріп-тұруларына ыңғайлы етіп жасауды тапсырды. Сонымен қатар, ол жеке медицинаның тұралап қалғанын айтып, сынға алды. Жыл аяғына дейін қорытынды шығарып, Елбасы алдында есеп беруге дайындалу керектігін де жасырмады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир