|
21.06.2017 | 11:25
2070

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды! Бұл жылы ол жаңартылған түрде өтуде. Еліміз бойынша, тестілеуге қатысуға 93 мың оқушы өтініш білдірген. Астана қаласы бойынша емтиханды 3 жерде тапсырады. Еуразиялық ұлттық университетіндегі талапкерлермен кездесуге білім министрі Ерлан Сағадиев арнайы келді. Еліміздің «бас ұстазы» түлектерге сәттілік тілеп, өздеріне сенімді болуға шақырды. Бірінші күннің нәтижелері тестілеу орындарында ілініп те қойды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің қорытындысы мен оның жаңашылдығы туралы елордалық тілшіміз Азамат Әуезханнан біліп көрсек. Ол қазір бізбен тікелей байланысқа шыққалы тұр. Азамат, қайырлы кеш! Сонымен, елордада жаңартылған ұлттық бірыңғай тестілеу қалай өтті?

Иә, Әнуар! Барлығы тыныш, өз деңгейінде өтті. Оны сеніммен айта аламын. Айқай-шу, қарбалас болған жоқ бұл жолы. Дегенмен, Ұлттық бірыңғай тест енгізген 13 жылдың көлемінде түрлі жағдайдың орын алғаны жасырын емес. Астанадағы бөлімшелерде оқушыларды сынақ басталардан бірнеше сағат бұрын жинады. Бұл жерден барлығын көруге болады. Тақым қысқан ата-ана, қолдау көрсетуге келген достар, мұғалімдердің барлығы осында. Ал талапкерлерге тосын сый болған бас мұғалімнің келуі.  Қобалжыған түлектерді бұл жолы ол сұрақтардың оңай екендігін айтып сабырға шақырды. Уайымдаудың қажеті жоқ, ҰБТ-ны бірнеше қайтара тапсыруға болады деді ол. Ал білім гранттары өткен жылдарға қарағанда бірнеше есеге өскен. Шамамен 37 мыңға.

«Ерлан Сағадиев, аудиторияларды аралап, оқушылармен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. Ал түлектер болса, абыроймен тапсырманы орындауға уәделерін берді. Абырой демекші, биылғы түлектерде сенімділік деген жетіп артылады»,- деді Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, Ерлан САҒАДИЕВ.

Түлектер үшін жауапты сәт, яғни ұлттық бірыңғай тестілеу 20-шы маусым мен 1 шілде аралығында өткізіледі. Айта кетейін, биылдан бастап ол алғаш рет жаңа форматта өтпек. Енді 120 тесттік тапсырма бойынша түлек  140 баллға дейін алуына мүмкіндік бар. 5 пән бойынша тапсырады. Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық және оқу сауаттылығы. Ал таңдалған мамандыққа сәйкес екі бейінді пән болмақ. Тапсырмаларды орындауға  берілген уақыт та ұзартылды. Ол 3 сағат 50 минут болып бекітілген. Ал балалары үшін тақымын қысып отыратын ата-ана үшін 108 бөлімшеде ҰБТ барысы мониторға шығарылып көрсетіледі. Бұған дейін, емтихан материалдары құпиялылықты қамтамасыз ету нұсқаулығының қатаң талаптарымен, 99 мың дана таралыммен басылып, буылып, барлық өңірлерге жіберілген болатын. Өзге аймақтар секілді Алматының түлектері үшін де жауапты сәт болды. Олай болса, әріптестерімнің дайындаған бейнематериалына назар аударайық.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир