|
30.12.2016 | 10:19
2799

Алматыда тамақ өнімдерінің үлесі биыл 2 пайызға артқан

Алматыда тамақ өнімдерінің үлесі биыл 2 пайызға артқан

Алматыда тамақ өнімдерінің үлесі биыл 2 пайызға артқан. Ірі дүкендер желісіндегі тауар бағасымен танысып, қажетті заттардың құнын қымбаттатпауды қадағалаған  Алматы әкмі Бауыржан Байбек осылай деді. Жаңа жылдық қарбалас кәсіпкерлерге ғана емес, халыққа тиімді болуы тиіс. Қала билігімен бірлесе жұмыс жасап жатқан ірі дүкендер желісіндегі тауарларға қазір жаппай жеңілдік  жүріп жатыр. Тіптен ішіп-жемнің кейбір  түрлеріне  40-50 пайызға дейін жеңілдік жасалыпты. Тұрмыстық техникаларды қоспағанда қазір отандық өнімдердің үлесі 45-50 пайызды құрап отыр.


Әкім сүзбе ғана емес,  шұжық, майонез, бұршақ, картоп, қызанақ, қияр, шай, майға дейін дәстүрлі жаңажылдық себеттен табылатын тамақтың бағаларына  қызығушылық танытты. Жапсырмадағы бағаларды жеке жеке сұрап, ішкі-сыртқы тауар бәсекелесінің қазіргі жағдайында  жіктеп, жүйелеп, жұртқа тиімді жағдай жасаудың жолында түсіндірді.


«Дүкендердегі  тауарларға жасалған жеңілдіктерге қатысты пікірді қала тұрғындары айтқаны дұрыс. Біз қолдан келгенше жұмыс істеп жатырмыз, көрдіңіздер ме, өркениетті сауда келді - демек тұрақты салықтар, тұрақты жалақы, қалыпты сапа болады. Біз биыл алматылық өнімдердің үлесін 2% арттырдық. 2% аз болып көрінетін шығар, бірақ Алматы 3 миллион халқы бар үлкен нарық және бұл 2% - үлкен жүйелі еңбекті көрсетіп тұр, алдағы уақытта да жұмысты жалғастыра бермекпіз»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.


Қала билігі халық көп тұтынатын өнімдердің 32 түріне тұрақты бақылау жасап отыр. Бірақ Алматыдағы ірі дүкендер желісінде 150 ден астам тауардың түріне жеңілдіктер жасалған. Дүкендер желісінің жағдайымен танысқан қала басшысы  халық көп тұтынатын  азық-түліктердің құнын қымбаттатпауды тапсырды. Жаңа жылдық қарбалас кәсіпкерлерге ғана емес, халыққа тиімді болуы тиіс. Былтырғы жылмен салыстырғанда көкеніс құны, оның ішінде қияр, картоп, пияздардың құны биыл төмендеу. Бірақ, қала маңындағы өндіріс көлеміне байланысты нарықты  толықтай  қамту қиын. Жуырда ғана жұмысын бастаған жылыжай тәулігіне 15-16 тонна қияр жинағанмен, қала сүранысы үш жүз тоннаға дейін жетеді.¤


Ірі суперамркеттердегі бағаны тізіп қойған басшылар бәсекелестікте бәрібір импорттың үлесі әлі төмендемей тұрғанын да көрсетті. Ал қолдан қымбатшылық жасағысы келетін өндірушілер болса, онда олардың  тауарын дүкен сөресінен ысырып, керісінше дәл сондай сападағы жаңа кәсіпкерлермен байланыс орнату керек екеніде айтылды.


«Дүкендер желісінде тауарлардың түрі барынша  мол және оған келушілердің саны көп болса, онда заттардан тиын түседі. Бірақ, соған қарамастан тауар айналымы мен сауданың жоғары дәрежеде жүруінен пайда да жақсы түседі»,- деді Дүкендер желісінің коммерциялық  директоры, Яков ФИШМАН.

 

Гипермаркет басшысының айтуынша, жаңа жыл алдында жүздеген тауарларға 19 дан 50 пайызға дейін жеңілдіктер жасалған. Есесіне қазір тұтынушылар саны көп. Қаланың әр түкпірінде орналасқан дүкендер желісі жекелеген тауарларға жеңілдікті әлі екі аптаға жуық ұстап тұрмақ.


Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир