|
27.12.2016 | 11:21
1836

Ұлттық банк зейнетақы қорынан ұрланды деген 5 миллиард теңгеге қатысты түсінік берді

Ұлттық банк зейнетақы қорынан ұрланды деген 5 миллиард теңгеге қатысты түсінік берді

Ұлттық банк зейнетақы қорынан ұрланды деген 5 миллиард теңгеге қатысты түсінік берді. Қазір бұл іске  Ұлттық қауіпсіздік комитеті де араласып, қылмыстық іс қозғалған. Бірақ бас қаржы институтының өкілдері зейнатақы қорына қаржы аударған салымшылар қалайда зардап шекпейді деп сендіріп отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы миллиардтаған қаржының қайда кеткені белгісіз. Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті соталды тергеу жүргізіп жатыр. Мамандар «Бузгул Арум» компаниясының құнды қағаздарын алуда қазақстандықтардың салған қаржысы аударылмаған деп отыр. Инвестиция ретінде салынған ақша Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке капиталы болған дейді. Жалпы, зейнетақы қоры пайданы  құнды қағаздарды  алып-сату арқылы, сонымен қатар, зейнетақы активтерін басқарудағы комиссиялық түсімдерден табады. Құнды қағаздардан түскен пайданың жартысы  қазақстандықтардың есеп шотына аударылса, жартысы қорда қалады.

«Бұл инвестициялық жұмыстардың заң аясында жүзеге асуы.  Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз ішкі құжаттары арқылы анықтап, жүзеге асырады. Қордың өз қаржысының қалай жұмсалуын Ұлттық банк белгілемейді. БЖЗҚ автивтердің жұмсалуын қордың өзі қағидасына қатысты құжаттары арқылы атқарылады», - деді  ҚР Ұлттық банк департамент директорының орынбасары  Елена НИКИФОРОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир