|
26.12.2016 | 09:24
2016

Тұрғындар мәселесі Нұр отан партиясының назарында

Тұрғындар мәселесі Нұр отан партиясының назарында

Тұрғындар мәселесі Нұр отан партиясының назарында. Ұйымдастырылған қоғамдық қабылдауда Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Бауыржан Байбек алматылықтардың мазалаған мәселелерін тыңдады. Қалалық партия төрағасының қабылдауына келген тұрғындардың бірі Жанар Бектұрғанова. Саңыраулар мәдениет үйінің директоры дайындық жұмыстарын жүргізетін нысан қарастыруды және 400 балаға арналған сыйлықтармен қамтамасыз етуді сұрап келген. Әңгіме барысында партияның қалалық филиалының төрағасы мәселелерді шешуге уәде берді.

«Біз ұлы отан соғысының ардагерлеріне, әр түрлі дәрежедегі мүгедектерге, қалауы ерекше балаларға, көп балалы аналарға қолдау көрсетуге әрқашан дайынбыз. Осы жылы біз бір реттік төлем ретінде 100 мың адамға қаржылық көмек көрсеттік. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, балалар өздерін жайлы сезіну үшін көмектесуге тырысамыз. Өйткені, әр бала мерекені сезінуі тиіс. Біз сізге міндетті түрде көмектесеміз»,- деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, Бауыржан БАЙБЕК.

Тұрғындарды қабылдау барысында газбен, сумен қамтамасыз ету мәселелері де қозғалды. Бауыржан Байбек, бұл мәселенің қалада оң шешіліп келе жатқандығын атап өтті. Ол 3 жылдың ішінде қаланың аумағындағы үйлердің 95 пайызын көгілдір отынмен қамтамасыз етілетінін де тілге тиек етті. Айта кетейік, көгілдір отынға қосылу Ұлы отан соғысы ардагерлеріне тегін жүзеге асса, аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға, есепте тұрғандарға 50 пайыз жеңілдік, ал 1-ші, 2-ші топ мүгедектеріне 30 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бауыржан Байбек қабылдауға келген Әсел Әбеноваға да көмек көрсетуді тапсырды. Сал ауруына шалдыққан 6 жастағы егіз қыздарға вертикализатор алуға көмек көрсетілетін болады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир