|
04.01.2017 | 09:47
1982

Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр

 Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр

Еліміздің экс Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Бұл туралы Елбасы Сыртқы істер министрлігінің басшыларымен өткен кездесуде мәлімдеді. Мемлекет басшысының сөзінше, экс-министр «Бәйтерек» холдингінде туындаған бірақтар түйткілді мәселелерге байланысты болған соң орнынан босатылды. Қуандық Бишімбаев Ұлттық экономика министрі қызметіне 2016 жылдың мамыр айында тағайындалған. Осы сәрсенбі күні ол кабинетін босатып, орнына Тимур Сүлейменов тағайындалды. Жаңа қызметке жайғасар алдында Ұлттық экономика министрінің орынбасары, Еуразиялық экономикалық комиссиясының коллегия мүшесі сынды жауапты қызметтерде болған. Есте болса, жуырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы пара алу фактісі бойынша "Бәйтерек Development" акционерлік қоғамының лауазымды тұлғаларын ұстаған еді. Тергеу жұмыстарына сәйкес, топ-менеджерлер «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысы қызметін сатып алу үшін құрылыс компаниясының мүддесін қорғағаны үшін пара алды деген күдікпен ұсталған. Айта кетейік, "Бәйтерек Development" «Бәйтерек» холдингінің құрамына кіреді. Атап өтерлігі, оны осы жылдың мамыр айына дейін 3 жыл төңірегінде Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. 


«Экономикалық министрліктерді ауыстыру болды. Оның жағдайын кейін көретін боламыз. Бұрынғы істеп жүрген министрдің бұрынғы Бәйтерек ұйымында бірнеше мәселелер көтеріліп жатыр. Тексерулер жүріп жатыр. Тергеулер жүріп жатыр. Ол біткенше біз қалай болады деп айта алмаймыз. Бірақ, жаңадан министр тағайындалды. Өз шаруасын білетін адам деп санаймыз»,- деді Қазақстан Республикасының президенті, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.







Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир