|
05.05.2024 | 09:34
1627

Қала әкімі алматылықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

Әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш, толағай табыс тіледі

Қала әкімі алматылықтарды Пасха мерекесімен құттықтады elements.envato.com

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев  православ христиандарын дәстүрлі Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

- Құрметті алматылықтар!

Сіздерді Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Осынау жарқын мерекені Алматы тұрғындары да православ христиандармен бірге дәстүрлі түрде жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл адамзаттың асыл құндылықтарының бірі – бейбітшілік пен келісімге негізделген қоғамымыздың бірлігін ерекше көрсететін игі дәстүрге айналды.

Пасха  – мейірімділікті, бейбітшілікті, әділдікті дәріптеп, халықты қайырымдылық жасауға, жақындарына жанашыр болуға шақыратын киелі мейрам.

Қасиетті мереке әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш сыйлап, сүйікті қаламыз Алматы мен туған еліміз Қазақстанның одан әрі өркендеп, дамуы үшін жаңа жетістіктер мен толайым табысқа бастасын!

Баршаңызға ашық аспан, зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда Жеңіс күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир