|
18.07.2020 | 11:23
3376

Алматыда күн сайын дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар дәрілердің бағасын көтермеу үшін мониторинг жүргізіледі

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 5 шілдеден бастап күшейтілген режимде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Алматыда күн сайын дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар дәрілердің бағасын көтермеу үшін мониторинг жүргізіледі открытые источники

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің күшейтілген шараларын халық арасында түсіндіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингісінде Алматы қаласының  Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Бірбаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында 5 шілдеден бастап күшейтілген режимде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Дүкендерде, дәріханаларда, әлеуметтік-әкімшілік ғимараттарда, базарлар мен саябақтардың  аумақтарында және басқа да демалыс аймақтарында. Бұлар адамдар көп жиналатын орындарда жоғары қауіп туралы ескертетін баннерлер, сондай-ақ, профилактика ережелері бар брошюралар, себебі эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын қала тұрғындарының бәрі сақтай бермейді.  

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде де жекелеген жұмыстар жүргізілуде, коронавирус инфекциясының белгілері байқалған жағдайдағы алгоритм және  тазалық сақтау ережелері туралы ақпарат таратылуда. Осы мессенджерлер арқылы сенімсіз ақпарат таралатыны да атап өтілді.

Бұл жұмыстарда атқаруда халыққа маскалар мен ақпараттық жадынамаларды таратумен айналысатын  волонтерлардың орны ерекше.

«Күн сайын біздің тарапымыздан 15-20 дәріханаға әлеуметтік маңызды дәрілердің бағасын көтермеуге байланысты мониторинг жүргізіледі. Дәріханалар тарапынан бұзушылықтар болған жоқ. Алайда, екі күн бұрын дәріханада бір дәрілік құралдың бағасының көтерілгені анықталды, тиісті материалдар аудандық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне тапсырылды», – деп хабарлады Бауыржан Бірбаев.

Жалпы мониторингтік топтармен 567 кәсіпкерлік нысандары тексерілді, оның ішінде 28-не қатысты қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында белгіленген эпидемиологиялық нормаларды бұзу туралы тиісті хаттамалар толтырылды.

Адамдар көп жиналатын орындарда қала тұрғындарының санитарлық талаптарды  сақтауын қадағалау бойынша күшейтілген жұмыстар жүргізілуде. Олар ХҚКО, арнайы ХҚКО, саябақтар, скверлер және т.б. карантин режимін бұзғаны үшін 5 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир