|
17.02.2023 | 12:46
2128

Жаңа мектептерде оқыту тілін таңдау халықтың қажеттілігіне байланысты – Ерболат Досаев

Бұл туралы Алматы әкімі Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтты

Жаңа мектептерде оқыту тілін таңдау халықтың қажеттілігіне байланысты – Ерболат Досаев perspektiva-ru.ru

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданы тұрғындарымен кездесуде жаңадан ашылған мектептерде оқыту тілін таңдау жергілікті халықтың қажеттіліктеріне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тұрғынның сұрағы: көптеген мектептер ашылады, бірақ олардың барлығы тек қазақ тілінде оқытылады. Аралас мектептер жоқ, ал біздің №157-ші мектепте бала саны асып кеткен.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың жауабы:

Бізде аралас мектептер ашылады. Наурызбай ауданында іске қосылған жаңа мектептердің көпшілігі қазақ тілінде оқытылады. Бұл өткен жылдың басында осы ауданда тапшылығы байқалған 7,5 мың мектеп орнының ішінде қазақ тілінде оқытатын орындарға өтінімнің болғанына байланысты. Сондықтан  өтініштер қанағаттандырылған болатын.

Біз салғалы отырған жаңа мектептер, оның ішінде "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында аудандық білім басқармаларының қарауындағы өтінім санына қарай ашылатын болады.

Жаңа мектептер салуды жалғастырамыз. Мемлекет басшысы мектеп біліміне ерекше көңіл бөледі. Бізде  ұтқыр жоспарлар бар: 2025 жылдың соңына дейін мектептердің 30%-ын бір ауысымда ұстауға ұмтылатын боламыз. Бізде мұндай мүмкіндіктер бар.  

Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаеваның жауабы:

Бізде қазақ мектептеріне  қажеттілік үлкен. Соңғысы 1200 орынға есептелген 207 мектеп ашылды. Қазақ сыныптарына 2400 бала, ал орыс сыныптарына 100-ден аспайтын бала келді. Осыған байланысты біз №157-ші мектепте осы аудан тұрғындары үшін орыс тілінде оқитын балаларды тасымалдауды ұйымдастырдық.

Біз ең алдымен ата-аналардың қажеттілігін ескеретін боламыз. Ашылған 8 мектептің 2-і аралас.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир