|
29.07.2020 | 14:07
2371

Алматы полициясы: Мыңнан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды

5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1 мың 022 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Алматы полициясы: Мыңнан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды Фото ©Алихан Сариев

Алматыда мыңнан астам адамға карантин нормаларын сақтамағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Азаматтардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиена стандарттарының сақталуын бақылау мақсатында Алматы қаласында Әкімдік, СЭС және полиция қызметкерлерінің арасынан арнайы мониторингтік топтар құрылды. 5 шілдеден бастап ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес 1 мың 022 адам әкімшілік жауапкершілікке  тартылды, олардың 90-ы өткен күні анықталды.

«Азаматтардың көп келетін орындары, қызмет көрсету, тамақтану орындары және т. б. үнемі тексеріліп отырады. Сонымен қатар, санитарлық дәрігердің талаптарына сәйкес келмейтін массаж, сұлулық салондары, барлар, мейрамханаларды анықтау бойынша жедел бөлімшелер жұмыс істейді. Арнайы рейдтер барлық жерде және тұрақты негізде жүргізіліп отырады», – деді, Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир