|
30.07.2020 | 14:15
4273

Пандемия кезінде Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығы жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда

296 медицина қызметкерлеріміз өз міндетін абыроймен атқаруда

Пандемия кезінде Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығы жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда 2gis.kz

Пандемия кезінде Алматы қаласы психикалық денсаулық орталығы жан-жақты көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында Алматы психикалық денсаулық орталығының директоры Сапар Рахменшеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап, Алматы қаласындағы психикалық денсаулық орталығында Covid-19 ауру белгілері бар науқастарды қабылдайтын провизорлық стационар ретінде 300-ден астам төсек-орын дайындалды. Осы мерзім ішінде аурухана 1800-ден астам адамды қабылдаған. Оның ішінде 152 науқастан коронавирус инфекциясы табылған.

«Бізде өкпе ауруымен түскен орташа, ауыр және өте ауыр жағдайдағы науқастар, яғни пневмониямен ауырғандар емделіп жатыр. Біздің 296 медицина қызметкерлеріміз өз міндетін абыроймен атқаруда», – деді С. Рахменшеев.

Сондай-ақ, пандемияға қарамастан, орталықта бұрыннан емделіп жатқан, нашақорға тәуелді және психикалық аурулары бар науқастар, стационарлық және амбулаторлық жағдайда толық емдерін жалғастыруда.

«Біздің орталық психологиялық көмек көрсету бойынша жұмысын тоқтатқан жоқ. Тіркелген барлық пациенттер емдеуді жалғастырып жатыр», – деді ол.

Орталықта тәулік бойы 376-56-60 сенім телефоны жұмыс істейді. Осы нөмірге тұрғындар кез келген уақытта хабарласып, кеңес ала алады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир