|
29.07.2020 | 16:34
3064

Бақытжан Сағынтаев жаңа ковидті госпитальдің ашылу дайындығының барысымен танысты

Қазіргі кезде күзгі-қысқы маусымда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайындық барынша қарқынды жүруде

Бақытжан Сағынтаев жаңа ковидті госпитальдің ашылу дайындығының барысымен танысты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 500 орынды жаңа ковидті госпитальдің ашылу дайындығының барысымен танысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша төсек-орындар санын арттыру қажеттілігіне байланысты орталықтың салынып жатқан жаңа нысаны арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін бірінші эшелонның инфекциялық стационары ретінде қайта бейімделетін болады.

Б. Сағынтаев күн сайын функционалды госпитальдегі жөндеу және әрлеу, жоспарлау жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексеріп отырады. Мұнда науқастар палаталары, жансақтау бөлімі, ПТР тестілеуден өткізетін зертхана әрі медициналық қызметкерлерді даярлайтын және қайта даярлайтын орталық болады. Яғни, заманауи медициналық құралдармен жабдықталған жеке медициналық мекеме құрылады.

«Еске салсақ, бүгінгі күні Алматыда COVID-19-бен күреске 27 медұйымдар жұмылдырылған. Төсек-орын қорының жалпы саны алты мың орыннан асады. Ал, төсек-орынның пайдаланылуы 90-нан 50 пайызға дейін төмендеген», – делінген хабарламада.

Қазіргі кезде күзгі-қысқы маусымда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына дайындық барынша қарқынды жүруде. Сондықтан бірінші эшелондағы инфекциялық стационарларда төсек-орын (ауыр жағдайдағы науқастар үшін) саны тағы 1015 орынға артатын болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Аким Алматы Бакытжан Сагинтаев ознакомился с ходом подготовки к открытию нового ковидного госпиталя на 500 мест. В связи с необходимостью расширения койко-мест по поручению акима города решено перепрофилировать строящееся здание центра оказания специальных социальных услуг под инфекционный стационар первого эшелона. Б. Сагинтаев еженедельно проверяет, как идут ремонтные и отделочные работы, а также планирование функционала госпиталя. Кроме палат для пациентов, реанимационных отделений, здесь будет своя лаборатория для ПЦР-тестирования, а также центр подготовки и переподготовки медперсонала. Создается автономное медицинское учреждение, которое будет оснащено современным медицинским оборудованием. Напомню, сегодня в борьбе с COVID-19 в Алматы задействовано 27 медорганизаций. Общий коечный фонд — более шести тысяч мест. Процент занятости коек снижен с 90 до 50%. Сейчас идет активная фаза подготовки к новой волне пандемии, ожидающейся в осенне-зимний период. В этой связи количество койко-мест в инфекционных стационарах первого эшелона (для тяжелобольных) будет увеличено еще на 1015 мест.

Публикация от Асет Мукажанов (@aset.mukazhanov)29 Июл 2020 в 3:22 PDT


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир