|
16.12.2023 | 17:42
3252

Мереке күндері қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейді

"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша биіктігі 6 см дейін қар жауады

Мереке күндері қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істейді Фото: Пресс-служба акима Алматы

Алматы қаласында қолайсыз ауа райы басталды. "Қазгидромет" РМК болжамы бойынша биіктігі 6 см дейін қар жауады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қолайсыз қозғалыстың алдын алу мақсатында Алматының негізгі магистральдары көктайғаққа қарсы сұйық реагентпен алдын ала өңделген.

Қаланың коммуналдық қызметі бекітілген бағыттар бойынша жолдың және тротуардың жүріс бөліктерін көктайғаққа қарсы қоспамен өңдеуді бастады.

16 желтоқсан күндізгі кезеңге 378 бірлік арнайы техника мен 1152 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

16 желтоқсан ауа температурасы -3...-5 градус аяз, 16-сынан 17 желтоқсанға қараған түні -4...-6, 17 желтоқсан күндіз -1...-3.

Оқи отырыңыз: Cиноптиктер 16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир