|
24.07.2020 | 19:26
6425

Маска тағыңыздар: Акцияны алматылық блогерлер мен әншілер қолдады

Бұл бастаманы еріктілер көтерген

Маска тағыңыздар: Акцияны алматылық блогерлер мен әншілер қолдады inform.kz

Бүгін Алматыда «StopCovAlmaty» атты акция басталды. Идеяны қаланың еріктілерден құралған жедел штабы ұсынған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Челлендждің басты мақсаты  – халыққа бетперде тағудың маңызды екенін қайта еске салу. Шара барысында белсенділер көзге көрінетін жерлерге ақпараттық желімі бар қағаз жабыстыруды көздейді. Үгіт-насихат мақсатында жапсырма темір тұлпарларға, қоғамдық көліктерге ілінеді. Игі бастаманы елге танымал кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, блогерлер және отандық әншілер де қолдады. Олардың барлығы бір ауыздан қауіпті індетпен күресуде бетперде режимін сақтауға шақырады.

«Акция мақсаты – қала тұрғындары мен жастарын маска тағуға үндеу. Бұл әр адамның жауапкершілігі болуы керек. Бұл акцияны тек Алматыда ғана емес, бүкіл республика бойынша челлендж етіп таратсақ деген мақсатымыз бар», – дейді штаб үйлестірушісі Алма Ауғанбаева.

«Менің ойымша, бұл өте маңызды шара. Себебі өзім коронавируспен ауырған адаммын және жақындарым да қазір қатты ауырып жатыр. Емханаларда жатыр. Сол себептен бұл акцияны қолдаймын. Бір менің борышым ретінде санаймын», – деді  Қайрат Құдайберген.

Акция Бостандық ауданында басталғанымен, барлық ауданда жалғасады. Бұл жолы еріктілер бір мекенжайда 100-ден аса стикерді таратып үлгерді. Жалпы «Бетперде тағыңыз!» акциясы ай соңына дейін жүреді. Осы аралықта ұйымдастырушылар 4 мыңға жуық ақпараттық жапсырманы таратпақ.

«Көріп тұрсыздар қолғап киіп, маска тағып жүрмін. Аман-есен ковидті жеңу керекпіз. Сондықтан сіздер де сақтанып жүріңіздер!» – деді  әнші Айдана Меденова.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир