|
08.10.2023 | 12:47
6997

Алматыда алғашқы рет халықаралық фортепиано музыкасы фестивалі өтеді

Фестиваль Ева Коганның 95 жылдығына арналады

 Алматыда алғашқы рет халықаралық фортепиано музыкасы фестивалі өтеді pixabay/ArchiPix

9-13 қазан аралығында Алматыда алғашқы рет Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh Piano Fest – 2023» фортепиано музыкасының халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Фестиваль аясында Қазақстан, АҚШ, Ресей, Грузия, Румыния және Германиядан келген фортепиано музыкасының үздік өкілдері өнер көрсетеді.

Фестиваль регламенті мынадай іс-шаралардан тұрады:

9 қазан, 14:00

Баспасөз конференциясы. Консерваторияның үлкен концерттік залы

9 қазан, 19:00

Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыка фестивалінің ашылуы. Консерваторияның үлкен концерттік залы

10 қазан, 19:00

«Crescendo» жас пианистердің концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы

11 қазан, 10:00

Вадим Пальмовтың шеберлік дәрісі. Консерваторияның №204 аудиториясы

11 Қазан, 15:00

«Қазақстан менің жүрегімде. Коган музыкалық әулетіне арнау» кітабының ашылу салтанаты. Консерваторияның мәжіліс залы

11 қазан, 19:00

Елена Шиннің «Ұстазды еске алу» фортепиано музыкасының концерті. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы

12 қазан, 10:00

Манана Гоциридзенің шеберлік дәрісі. Е. Коган атындағы консерваторияның №211 фортепиано аудиториясы

12 қазан, 19:00

«Қазақ рапсодиясы» фортепианолық музыка кеші. А. Жұбанов атындағы консерваторияның кіші залы

13 қазан, 10:00

Дмитрий Новгородскийдің шығармашылық кездесуі және шеберлік дәрісі. К. Бәйсейітова атындағы РММОМИ-ның үлкен залы

13 қазан, 19:00

Ева Коганның 95 жылдығына арналған «Kazakh piano fest – 2023» I Халықаралық фортепиано музыкасы фестивалінің салтанатты жабылуы Консерваторияның үлкен концерттік залы.

Оқи отырыңыз: Алматыда Алматы-Пусан достық концерті өтті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир