|
27.10.2023 | 19:45
4539

Атадан қалған мұра: алматылық тұрғын үйінде мұражай ашты

Шолпан Ахметқызының айтуынша, әр көне заттың тарихы бар

Атадан қалған мұра: алматылық тұрғын үйінде мұражай ашты Almaty.tv

Ата-бабадан қалған мәдени-мұраны жаңғыртып, насихаттау қажет. Биылғы Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев рухани құндылықты дәріптеуге шақырған еді. Ел арасында бұл мақсатта жұмыс істеп жүргендер аз емес. Сондай жанның бірі – Шолпан Ахмет, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге аса құрметпен қарайтын Шолпан Ахмет ұлттық құндылық насихатауға үлес қосып келеді. Халқымыздың материалдық мұрасын көрсету үшін үйінен мұражай орталығын ашқан.

– Өз ұлтыңды сақтау үшін бабалар жолын білу керек. Тарихтан тағылым аласың. Бұл – жасап жатқан еңбегіміздің бір ұшқыны, – деді мұражай-үй иесі Шолпан Ахмет.

Шолпан Ахметқызының айтуынша, мұндағы көне заттардың тарихы бар. Мәселен мынау алты қанатты киіз үйді Алтай өңірінен алдырған. Уық, керегелері сол күйі сақталған.

Мұражайдағы заттардың басым бөлігі орталық иесінің отбасына тиесілі.  

– Менің әкем темірден түйін түйген шебер болған. Сол кісінің ұстанған бұйымдары, темір кесетін қайшысы, тістеуік, балғасы мұражайда тұр. Мыстан жасалған бір жерде «леген» десе, кей адамдар «теген» дейді. Бұл – түрлі атауы бар әкем жасаған бұйым деді Шолпан Ахмет.

Табиғатпен үндесіп өмір сүрген қазақ халқы әр дүниенің бағасын жетік білген. Мұражай иесі бүгінгі жас буын да осыны есте ұстап, мәдени-мұраны заман талабына сай қолданғанын қалайды.

– Баққан малының етін жеп, жүнін қырқып, киіз басты. Қайың ағашынан үйдің керегесі, уығын, шаңырағын жасады. Киімін жүннен тоқыды. Әжелеріміз жүнді түтіп, оны жуып, иіріп, қолданған, – деді Шолпан Ахмет.

– Қазақ ұят, обал, сауап – үш-ақ нәрсеге жүрегін байлаған. Соның шеңберінен шықпады. Осындай бір құпияның Айшолпан шешімін табады. Салт-дәстүр, діліміз, дінімізді сақтай алсақ, сол – құндылық! – деді мұражай қонағы, ұстаз Құралай Жарбол.

Орталық иесі болашақта мұражайдағы жәдігер саны толығып, атадан-балаға жалғасып отыратынына сенімді.

Жансая Олжабек, Әлішер Ерғалиұлы, «Алматы» телеарнасы

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбе қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап көрді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир