|
21.01.2019 | 17:50
5935

Алматы қалалық сотының фронт-офисі ашылды

Алматы қалалық сотының фронт-офисі ашылды

«Мөлдір кеңсе». Алматы қалалық сотында аумағында 200 шаршы метрлік шыныдан салынған ілгері-кеңсе ашылды.

«Бір терезе» қағидасы негізінде жұмыс істейтін мекемеде сот төрағасының өзі қабылдайтын орын да қарастырылған. Замануи фронт-кеңседе 2 маман отырады. Ал азаматтардан түскен арыз бірден электронды сот кабинетінде тіркеледі. Ары қарайғы қозғалысты сервис арқылы үйден-ақ бақылауға болады. Кеңсе «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасы аясында ашылған.


«Бұрын мұндай болмаған еді. Осындай фронт-офисті бірінші рет біз іске қосып отырмыз. Бұл адамдарға ыңғайлы, уақыт үнемдеуге мүмкіндік беретін кеңсе. Сәрсенбі күні сағат 15:00-тен бастап 18:30-ға дейін қабылдай беремін. Менің адамдарды қабылдап жатқаным, қандай мәселелер туралы сұрап, жауап бергенім шыны арқылы көрініп тұрады. Бұл да ашықтықтың белгісі», – деді Алматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы ӘБДІҚАНОВ.





Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир