|
11.11.2023 | 11:39
3196

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатын жолдады

   Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады  Сурет: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Анджей Дуданы Польша Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап.

– Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим күшіне енді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир