|
24.03.2024 | 11:54
1828

ҚР Премьер-министрі Ресейдегі терактіде қаза тапқандарға көңіл айтты

Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барды

ҚР Премьер-министрі Ресейдегі терактіде қаза тапқандарға көңіл айтты primeminister.kz

Олжас Бектенов Астанада Ресей Федерациясының елшілігіне барып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астана қаласындағы Ресей Федерациясының елшілігіне барып, Мәскеудегі «Крокус Сити холл» ойын-сауық кешенінде жасалған лаңкестік әрекетке байланысты көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Бұған дейін Қазақстан Үкіметінің басшысы Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинге және қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдіретіні туралы жеделхат жолдаған болатын.

Оұи отырыңыз: Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир