|
03.09.2019 | 19:57
4255

Елімізде мемлекеттік қызметшілер саны қысқарады - мамандар пікірі

Послание сыграет положительную роль в решении проблемных вопросов - Мутанов

Елімізде мемлекеттік қызметшілер саны қысқарады - мамандар пікірі

Алдағы 5 жылда олардың қатары 25 пайызға азаяды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында осы туралы айтты. Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру үшін олардың қатарына жас кадрларды тарту қажеттілігін атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, шенеуніктердің санын кеміту мемлекеттік аппарат жұмысына әсер етпейді. Билік пен қоғам қарым-қатынасын жақсартуға ерекше көңіл бөлу басты назарда болады.  

«Тек қана кабинетте отырып қана басқару емес, халықтың шын мұқтаж болып отырған мәселесіне көңіл бөлу. Президентіміз елдің күнделікті тіршілігіне араласа жүріп, мемлекетті басқару мәселесіне ерекше көңіл бөлді», – деді М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан МАТЫЖАНОВ.

Келесі жылдан бастап еліміздегі мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға өседі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында осылай деді. Президент ұстаздар қауымының мәртебесін арттыруға қатысты шараларды қолға алуды тапсырды. Әсіресе ауылдық жерлерде білікті педагогтар тапшылығы бар екенін атап өтті. Сондықтан «Дипломмен - ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруды тапсырды. Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді міндеттеді. Қазіргі таңда елімізде өз түлектерін жұмыспен қамту жағынан университеттердің жартысы 60 пайыздан аспай отыр.

«Қазір елімізде қалыптасқан бір ұғым бар. Диплом алсақ, әйтеуір барлығы шешіледі деп. Қазір өмір көрсетіп отырғандай, керісінше, диплом алған жас адам «маған жұмыс қайда?» деп отыр. Сондықтан біріншіден, мемлекет басшысының жолдауында сапалы білімге көңіл бөлдіріп отыр. Сапалы білім болса, бәсекелестіктің негізгі көрсеткіші. Неғұрлым сапалы білім болса, неғұрлым біліммен компетенция жоғары болса, түлектің әлемдік деңгейде бәсекеге қабілеті мықты болады. Ол айқын», – деді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр МҰТАНОВ.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир