|
05.11.2023 | 14:15
4878

Мемлекет басшысы Непал президентіне жеделхат жолдады

Непалда болған жойқын жер сілкінісінен көптеген адам қаза тапты

Мемлекет басшысы Непал президентіне жеделхат жолдады Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Непал президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Аkorda.kz-ке сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Непалдың батыс бөлігінде болған жойқын жер сілкінісі кезінде көптеген адамның қаза табуына байланысты Непал президентіне және халқына көңіл айтты.

 - Непалда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқы мен жеке өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон қаңдай маңызды құжаттарға қол қойды

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир