|
09.11.2023 | 16:30
3868

Қостанайда XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады

Ресей - Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі

Қостанайда XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады Сурет: Аkorda.kz

Қостанайда Ресей мен Қазақстанның XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Іскерлік басқосуға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путин онлайн қатысты. Жиында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.

Форумды мемлекет басшысы ашып берді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей – Қазақстанның басты сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Өткен жылы екіжақты сауда көлемі 27 млрд доларға жеткен.

- Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау маңызды оқиға болды. Бұл жоба Орталық Азияның өңірлік тұрақтылығы мен энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуда шешуші рөл атқарады. Жалпы, Қазақстан мен Ресейдің екіжақты саудасының 70 пайызы өңіраралық және шекарааралық сипаттағы мәмілелерге тиесілі. Көпжақты өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін бірлескен күш-жігерді сауда, экономикаға жұмылдыруды ұсынамын, - деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз:  Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир